(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 12.12.2008 № 137-IV ...

2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV шешімі

(2009.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 16 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және облыс әкімияты ұсынған 2009 жылға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат Х сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:

Атырау облыстық мәслихатының 2009.14.01. № 149-IV шешімімен (бұр.ред.қара); Атырау облыстық мәслихатының 2009.17.04  № 175-IV шешімімен   (бұр. ред. қара); 2009. 03.07. № 237-IV шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін: 

1) кірістер - 99 855 473 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 49 944 232 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 356 053 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -  100 мың теңге;

ресми трансферттердің түсімдері - 49 555 088 мың теңге;

2) шығындар - 81 884 089 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру - 1 516 324 мың теңге, оның  ішінде:

бюджеттік несиелер - 22 000 мың теңге;

несиелерді өтеу - 1 895 324 мың теңге;

4) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 18 845 044 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 18 847 950 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 906 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 642 664 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)   -642 664 мың теңге.

2. 2009 жылға арналған облыстық бюджет табыстары Бюджеттік кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:

Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне есептелетін сомада  басқа әлеуметтік және жеке табыс салығы; 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.